Басты жаңалықЖаңалықтар
Таяу Шығыстан 9,5 мыңнан астам қазақстандық елге оралды

Мемлекеттік органдар мен дипломатиялық өкілдіктердің көмегімен Таяу Шығыс елдерінен 9517 қазақстандық елге қайтарылды. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазіргі уақытта Біріккен Араб Әмірліктері, Қатар және Сауд Арабиясы Корольдігінен азаматтарды эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасып жатыр.
Ал Бахрейн, Израиль, Иордания, Иран, Кувейт, Ливан және Оман елдерінен қазақстандықтарды эвакуациялау іс-шаралары аяқталуға жақын.
Таяу Шығыс елдеріндегі Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктері жергілікті жерде жұмысты үйлестіріп, отандастарымызбен тұрақты байланыста болып, қажетті көмек көрсетіп жатыр.



