Басты жаңалықЖаңалықтар

Өскеменде жас ақындар айтысы өтеді

13 наурыз күні сағат 14:00-де Өскеменде Желтоқсан оқиғасының 40 жылдығына орай «Желтоқсанның өшпес үні» атты облыстық жас ақындар айтысы ұйымдастырылады.

Байқау Желтоқсан құрбаны, Тарбағатай ауданының Құрметті азаматы Сәбира Мұхамеджанованың рухына арналады.

Айтыстың мақсаты—Желтоқсан оқиғасының тарихи маңызын насихаттау, ел тәуелсіздігі жолында құрбан болған азаматтарды ұлықтау, жастар арасында айтыс өнерін дамыту және дарынды жас ақындарды қолдау.

Айтысқа 9–11 сынып оқушылары, колледж және жоғары оқу орындарының студенттері қатыса алады.
Өтінімдер 10 ақпан – 10 наурыз аралығында қабылданады.

Өтетін орны: А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапхана.

Байқау нәтижелері А.С. Пушкин атындағы кітапхананың ресми сайтында және Facebook парақшасында жарияланады.

Жеңімпаздар қаржылай сыйлықтармен марапатталады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button