Басты жаңалықЖаңалықтар

ШҚО-да Қызыл кітапқа енген жануарлар саны анықталды

Шығыс Қазақстан облысының аумағында Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар жануарлардың 57 түрі тіркелген. Бұл туралы облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының мамандары мәлімдеді.

Мамандардың айтуынша, қазіргі уақытта өңірде Қызыл кітапқа енген бірнеше жануардың нақты саны белгілі болды. Атап айтқанда, қар барысының саны – 11, дала дуадағы – 62,балобан сұңқары– 88, ал бүркіт – 75.

Басқарма өкілі Данияр Қанатбаевтың сөзінше, облыс аумағында ерекше қорғалатын табиғи аумақтар маңызды рөл атқарады. Қазіргі таңда олардың жалпы көлемі 1,3 миллион гектардан асады. Бұл аумақтарға мемлекеттік табиғи қорықтар мен ұлттық табиғи саябақтар кіреді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button