Жаңалықтар

Өскеменде Назарбаев даңғылы жаңартылуы мүмкін

Өскеменнің жаңартылған бас жоспарына сәйкес, Назарбаев даңғылына өзгеріс енгізу қарастырылуда.

Жоспар бойынша даңғыл Пограничная көшесінен бастап Бажов көшесіне дейінгі аумақты қамтып, жол желісін жақсарту үшін түзетіледі.

Сонымен қатар, даңғыл бойында көпқабатты тұрғын үйлер, коммерциялық нысандар мен халыққа қызмет көрсету орындары салынуы жоспарланған. Мамандардың мәлімдеуінше, бұл өзгерістер жаңа жұмыс орындарын ашып, аумақтың теңгерімді дамуына ықпал етеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button