Басты жаңалықЖаңалықтар
Өскеменде ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

Өскеменде ертең ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылады. Ол сағат 08:00-ден 15:00-ге дейін «Алтай» көтерме-бөлшек сауда орталығының (Жібек жолы көшесі, 44) аумағында өтеді.
Жәрмеңкеде жергілікті тауар өндірушілер мен кәсіпкерлер ет, сүт өнімдері, шұжық, тауық жұмыртқасы, көкөніс-жеміс, күнбағыс майы және басқа да тауарларды тиімді бағамен ұсынады. Облыс орталығының тұрғындары мен қонақтары сапалы өнімдерді тікелей өндірушіден сатып ала алады.



