Жаңалықтар
Өскеменде Ұлан ауданының мәдени күндері өтеді

Облыс орталығында «Туған жер – алтын бесігім» жобасы аясында апта сайын аудандар мәдени күндерін өткізеді. Бұл жолы кезек Ұлан ауданында.
Мәдени күндері 5 желтоқсан күні сағат 11:00-де А.С.Пушкин атындағы облыстық кітапханада бастау алады. Мұнда «Абай – рухани әлемінің айнасы» көркемсөз оқу байқауы өтеді. Ал, кешкі сағат 17:00-де Шығыс Қазақстан облыстық филармониясында қала тұрғындары мен қонақтары Ұлан ауданан келген өнерпаздардың өнерін тамашалап, қолөнер шеберлерінің көрмесіне қатыса алады. 18.00-де «Ұлы мекен – туған елім» атты Ұлан ауданы өнер саңлақтарының гала-концерті басталады.
Сенбі күні «Алтай» көтерме-тарату орталығында Ұлан ауданы шаруаларының өнімдері жәрмеңкеге қойылып, түрлі спорттық ойындар өткізіледі.



