Мас күйде көлік жүргізгендер ұсталды — ШҚО

Наурыз айының 10-13 аралығында «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу шарасы жүргізілді. Төрт күн ішінде полицейлер 2300-ден аса әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады.
Ең жиі тіркелген заң бұзушылықтар – жеке басын куәландыратын құжатсыз жүру (315 жағдай) және қоғамдық орында алкоголь ішу (238 жағдай). Сондай-ақ түнгі уақытта көшеде жүрген кәмелет жасына толмаған 86 жасөспірім анықталған. . Бұдан бөлек, 120 шетел азаматы көші-қон заңнамасын бұзған.
Полиция қызметкерлері заңсыз сақталған 12 қаруды тәркіледі.
Рейд кезінде жол қауіпсіздігіне де ерекше назар аударылды. Полицейлер 1700-ден астам жол қозғалысы ережесін бұзу дерегі тіркелді. Оның ішінде 7 жүргізуші көлікті мас күйінде басқарғаны үшін ұсталды. Сонымен қатар қарсы жолаққа шығудың 6 жағдайы анықталды, 15 адам куәліксіз көлік жүргізген. Ал 236 жүргізуші жаяу жүргіншілерге жол бермеген.



