Басты жаңалықЖаңалықтарМәдениет

Өскеменде Наурыз қалай тойланады?

Облыс орталығында Наурыз мейрамына орай 100-ден астам түрлі іс-шара өткізу жоспарланған. Қала тұрғындары мен қонақтары бірнеше күн бойы мәдени, спорттық және танымдық бағдарламаларды тамашалай алады.

18 наурыз күні сағат 19:00-де «Maxi Mall» орталығында ұлттық киімдердің сән көрсетілімі мен «Наурыз стилі» фотобайқауы өтеді. 19 наурызда «Император» сауда үйінде этнографиялық көрме ұйымдастырылады.

20 наурыз күні Комсомол аралында ұлттық спорт түрлерінен жарыстар болады. Ал 21 наурызда қаланың бірнеше ауданында Наурыз мерекесі тойланады.

Негізгі мерекелік шаралар 22 наурыз күні Республика алаңында өтеді. Таңертең 3 мыңнан астам адам домбырамен «Ақ бұлақ» әнін орындайды. Күндіз және кешке концерттер ұйымдастырылып, мереке отшашумен аяқталады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button