ЖаңалықтарҚылмыс
Риддерде бір келіден астам марихуана тәркіленді

Риддер қаласында полиция қызметкерлері есірткі заттарын заңсыз сақтау дерегін анықтады. Арнайы операция барысында 33 жастағы ер адам мен 32 жастағы әйел ұсталды.
Күдіктілердің үйін тінту кезінде полицейлер 37 түйіншек тапқан. Сараптама нәтижесінде олардың ішінде бір келіден асатын кептірілген марихуана болғаны белгілі болды.
Қазіргі уақытта ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полиция есірткіні заңсыз сақтау, тасымалдау немесе сату қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін ескертті.



