Басты жаңалықЖаңалықтар

15 наурыз – Конституция күні болып белгіленді

Елімізде 15 наурыз енді ресми түрде Конституция күні ретінде атап өтіледі. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді.

Мемлекет басшысы жалпыұлттық референдумның жоғары деңгейде өткенін айтып, дауыс беру ашық әрі әділ болғанын атап өтті. Оның сөзінше, барлық заң талаптары сақталып, халық өз таңдауын еркін жасаған.
–Бұл шешім дүние жүзі тарихында мәңгі сақталады. Өйткені бұл – азаматтарымыздың бойындағы нағыз отаншылдық нышаны. Енді жыл сайын 15 наурызды – Конституция күні, яғни, еліміздің ең басты мерекесінің бірі ретінде қарсы аламыз. Себебі Қазақстан халқы жаңару мен жаңғыру үшін дауыс берді. – деді Мемлекет басшысы.

Одан бөлек, Президент референдумда жастардың белсенділік танытқанын ерекше атап өтті. Жаңа Конституцияда волонтерлік, ғылым, инновация және жасанды интеллект сияқты бағыттардың қамтылуы – жастарға деген сенімнің белгісі екенін айтты.

Ресми мәліметке сәйкес, референдумға қатысқандардың 86,7 пайызы жаңа Конституцияны қолдаған. Жалпы, дауыс беруге шамамен 10 миллион адам қатысып, бұл көрсеткіш рекордтық деңгейге жетті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button