ЖаңалықтарСпорт
Өрт-құтқару спортының қысқы чемпионаты басталады

Өскеменде өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша республикалық қысқы чемпионаты өтеді. Жарысқа ерлер, әйелдер және жасөспірімдер командалары қатысады.
Кеше жарыстың мандатты отырыс өтіп, қатысушылар жеребе тартты. Сонымен қатар, кездесу барысында ұлттық құрамалардың жаттықтырушылары есеп беріп, биылғы жылға арналған жоспарлар талқыланды.
Бүгін чемпионаттың ашылу салтанаты ұйымдастырылады. Спортшылар шабуыл сатысымен көтерілу кезеңі бойынша алғашқы жарысқа түседі.



