Жаңалықтар

Өскеменде жылу кәсіпорнына 3,5 млн теңге айыппұл салынды

Өскемендегі «Шығыс Жылу» акционерлік қоғамдығына экологиялық талаптарды бұзғаны үшін айыппұл салынды.

Облыстық Экология департаменті №2 қазандықта жоспардан тыс тексеру жүргізген. Тексеру барысында ауаға тарайтын зиянды заттардың мөлшері өлшенді.
— Нәтижесінде көміртегі тотығының деңгейі белгіленген нормадан төрт есеге асып кеткені анықталды. Бұл шаң мен газ жинайтын жабдықтың шығарынды газдарды жобаланған тазартуды толық қамтамасыз етпейтінін көрсетеді, — деді департамент өкілдері.

Сондай-ақ, кәсіпорын қолайсыз ауа райы кезінде шығарындыларды азайту талаптарын да сақтамаған.

Осыған байланысты компания әкімшілік жауапкершілікке тартылып, шамамен 3,5 миллион теңге айыппұл төлеуге міндеттелді. Сонымен қатар, анықталған заңбұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button