Басты жаңалықДенсаулықЖаңалықтар

ШҚО-да су тасқынына қарсы жұмыстарға 370 млн теңге бөлінді

Өңірде көктемгі су тасқынына қарсы шараларға 370 миллион теңгеден астам қаржы бөлінді. Бұл туралы облыс әкімдігінің отырысында Жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы Нұрлан Махамбетов хабарлады.

-Алтай, Марқакөл, Үлкен Нарын, Күршім, Шемонаиха, Катонқарағай және Глубокое аудандарында 20 қауіпті учаске анықталып, жарылыс жұмыстары 11 наурыздан басталды. Аудан бюджетінен 47 млн теңге, облыс резервінен 331 млн теңге бөлінген,-деді басқарма басшысы.

Сонымен қатар, өңірде 14 рет қар көшкіні түсірілген. Су тасқынына қарсы жұмыстар 76%-ға орындалған. Каналдар мен арықтардың 67%-ы, су өткізу құрылыстарының 81%-ы, көпірлердің 87%-ы тазартылған. 328 мың текше метр қар шығарылып, 82 мың қап, 10,2 мың тонна инертті материал, 393 тонна жол-жөндеу материалы дайындалған. 3677 адам, 556 техника, 73 жүзу құралы және 234 мотопомпа әзір тұр. 13 мың адамға арналған 137 уақытша орналастыру пункті дайын.

– Жағдай күрделенсе, халықты хабардар ету 48 сирена, СМС, телерадио және «Дәрмен» қосымшасы арқылы жүргізіледі. Шұғыл жағдайда «МассАлерт» жүйесі іске қосылады, – деді Нұрлан Махамбетов.

Айта кетейік, су тасқыны қаупі мониторинг жүйесі арқылы ерте анықталып, 7 күндік болжам жасалады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button