Жаңалықтар
Қазақстанда Ораза айт намазы нешеде басталады?

20 наурыз – Ораза айт мейрамы. Осыған орай Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы еліміз бойынша айт намазының кестесін ұсынды.
Жарияланған мәліметке сәйкес, Алматы қаласы, Алматы облысы, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстары, сондай-ақ Абай және Жетісу облыстарында айт намазы таңғы сағат 07:00-де басталады.
Астана, Шымкент қалалары мен Ақмола, Жамбыл, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарында мерекелік намаз сағат 07:15-ке жоспарланған.
Ал Қостанай, Қызылорда және Ұлытау облыстарында айт намазы сағат 07:30-да оқылады.
Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарында мерекелік намаз сағат 08:30-де басталады.



