ДенсаулықЖаңалықтар
ШҚО-да су тасқыны қаупі бақылауға алынды

Облыста күннің жылынуына байланысты қар еріп жатыр. Осыған орай құтқарушылар тәулік бойы өзен-көлдерді бақылауға алды.
Мамандар өзендердегі мұздың еруін тексеріп, қауіпті учаскелерді дрондар арқылы бақылауда. Бұл жұмыстар су тасқынының алдын алып, қажет жағдайда жедел шара қабылдауға мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта өңірдегі жағдай тұрақты. Өзендерде мұз біртіндеп еріп жатыр, бірақ су деңгейінің қауіпті көтерілуі тіркелген жоқ.



