ДенсаулықЖаңалықтар

ТОП-5:Әлемдегі ең сирек кездесетін аурулар

Әлемде адам ағзасына әсер ететін түрлі дерттер өте көп. Солардың ішінде өте сирек кездесетін, тек аз ғана адамда байқалатын ерекше аурулар да бар.Төменде солардың бірнешеуін ұсынамыз.

1. Прогерия (ерте қартаю синдромы)

Прогерия — өте сирек кездесетін генетикалық ауру, онда бала ағзасы қалыптыдан әлдеқайда тез қартаяды. Мысалы, 10 жасар бала 70–80 жастағы адам сияқты көрінуі мүмкін. Өкінішке қарай, қазіргі уақытта бұл аурудың толық емі жоқ.

2. Фибродисплазия (бұлшық еттің сүйекке айналу ауруы)

Фибродисплазиямен ауыратын адамның бұлшық еттері біртіндеп сүйекке айнала бастайды. Уақыт өте келе адам қозғала алмай қалады.
Бұл әлемдегі ең ауыр әрі сирек аурулардың бірі.

3. Мёбиус синдромы

Мёбиус синдромы — сирек кездесетін туа біткен неврологиялық дерттердің бірі. Аталған жағдайда бет бұлшық еттері толық немесе жартылай жұмыс істемейді, соның салдарынан адам бет-әлпеті арқылы эмоциясын көрсете алмайды.

4. Бөгде қол синдромы

Бөгде қол синдромы — өте сирек кездесетін неврологиялық дерттердің бірі. Бұл жағдайда адамның бір қолы өздігінен, еркінен тыс қозғала бастайды. Кейде ол әрекеттерді адамның өзі де түсінбей қалады.

5. Котар синдромы

Котар синдромы — өте сирек кездесетін психикалық дерттердің бірі. Мұндай жағдайға душар болған адам өзін «жоқпын» немесе «өлгенмін» деп қабылдайды. Кейбір науқастар өздерінің ішкі ағзалары жұмыс істемейді, тіпті мүлде жоқ деп сенуі мүмкін.

Басқа жаңалықтар

Back to top button