Жаңалықтар

ШҚО-да 100-ден астам кәсіпорын «Жер сағаты» акциясын қолдады

28 наурыз күні Шығыс Қазақстан облысы халықаралық Жер сағаты экологиялық акциясына қосылды.

Дәл сағат 20:30-да өңірде бір сағатқа жарық сөндірілді. Бұл – табиғатты аялаудың және болашаққа деген жауапкершіліктің белгісі.

Акцияға мемлекеттік органдар, бизнес және қоғамдық ұйымдар белсенді қатысты. Обылста бұл бастаманы 100-ден астам кәсіпорын қолдады.

Ертіс жағалауы, Үлбі көпірі, орталық алаң және қаланың басты көшелеріндегі жарықтар өшірілді.

«Жер сағаты» – әлемдегі ең ауқымды экологиялық акция. Жыл сайын оған 180 елден 2 миллиардтан астам адам қатысады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button