ЖаңалықтарҚылмыс
«Казцинкке» 20млн теңге айыппұл салынды—Өскемен

«Казцинк» кәсіпорнына экологиялық талаптарды бұзғаны үшін шамамен 20 млн теңге айыппұл салынды.
Облыстық Экология департаментінің мамандары зауытты жоспардан тыс тексерген. Тексеру кезінде ауаға тарайтын зиянды заттардың мөлшері нормадан асып кеткені анықталды. Мысалы, күкірт диоксиді 3,5 есе, көміртек оксиді 2 есе, ал азот оксиді 1,5 есе көп болған.
Мамандардың айтуынша, бұл зауыттағы тазарту құрылғылары толық тиімді жұмыс істемейтінін көрсетеді. Сондай-ақ, қолайсыз ауа райы кезінде шығарындыларды азайту талаптары сақталмаған.
Тексеру нәтижесінде кәсіпорынға айыппұл салынып, барлық кемшіліктерді түзету туралы тапсырма берілді.



