Басты жаңалықДенсаулық

ШҚО-да 250-ден астам жоба іске асырылып жатыр

Өңірде инновациялық даму бағытында 250-ден астам жоба жүзеге асырылып жатыр. Бұл туралы Үкімет отырысында облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов айтты.

— Облыста металлургия, медицина, цифрлық технологиялар және агроөнеркәсіптік кешендегі инновациялық дамуға ерекше назар аударылып келеді. Қазіргі уақытта мемлекеттік, халықаралық және тапсырыстық зерттеулерді қоса алғанда 250-ден астам жоба жүзеге асырылып жатыр. Тау-кен металлургия кешенін дамыту үшін Серікбаев атындағы университет, Үлбі металлургия зауыты және облыс әкімдігі бірлесіп, ұнтақты металлургия әдісімен отын таблеткаларын өндіруге арналған пресс-құралының ресурсын арттыратын жобаны қарастыруда, — деді аймақ басшысы.

Сонымен қатар «Horizon» бағдарламасы бойынша Үлбі металлургия зауыты 8 млн еуро көлемінде грант алған. Бұл бериллий өндірісін 5%-дан 9%-ға дейін арттыруға мүмкіндік береді.

Өңірде халықаралық ынтымақтастық та дамып келеді. Әртүрлі ғылыми және өндірістік жобалар қолға алынған.

Аймақ басшысының айтуынша, цифрлық технологиялар саласында өңірлік аналитикалық орталық іске қосылған.Өңірде халықаралық ынтымақтастық та дамып келеді. Машина жасау, тау-кен ісі және ғылым салаларында бірлескен жобалар іске қосылған.

Аймақ басшысының айтуынша, цифрлық технологиялар саласында өңірлік аналитикалық орталық жұмыс істеп тұр. Орталыққа 6 мыңнан астам бейнебақылау камерасы, ауа сапасын бақылайтын 25 бекет және жылу көздерін қадағалайтын 23 датчик қосылған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button