Жаңалықтар

Өскеменге 10 жаңа электробус келді

Облыс орталығына 10 электробус пен 12 жаңа автобус жеткізілді.

— Өскемен өндіріс орталығы болып есептеледі. Сондықтан экология мәселесіне баса мән беру керек. Электробустарды сатып ала отырып, біз бұл мәселені түбегейлі шешеміз. Бұл бір реттік акция емес, жыл соңына дейін автобус парктерінің 80%-ы жаңа автобустармен қамтылады, — деді облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов.

Айта кетейік, жаңа электробустар бір рет зарядпен шамамен 300 шақырымға дейін жүре алады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button