Басты жаңалықЖаңалықтар

ШҚО-да мектеп автобустары жаңартылады

Облыста мектеп автобустарын жаңарту жоспарланып отыр. Білім басқармасының басшысы Қуат Оқасов лизингтік бағдарлама арқылы 100-ге жуық жаңа автобус сатып алынатынын мәлімдеді.

Қазіргі таңда облыстағы 103 мектепте 127 автобус жұмыс істейді. Олар шамамен 4,5 мың оқушыны тасымалдап жүр. Алайда автобустардың көпшілігі ескірген, кейбірі 2007 жылдан бері пайдаланылып келеді.

Жаңа көліктерді алу оқушыларды тасымалдау қауіпсіздігін арттырып, автопаркті жаңартуға мүмкіндік береді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button