ДенсаулықЖаңалықтар

ШҚО-да тағы бір ауыл ішімдіктен бас тартты

Өңірде «Ішімдіксіз ауыл» бастамасы жалғасып жатыр. Осы жолы Тарбағатай ауданындағы Маңырақ ауылдық округіне қарасты Бозша ауылы алкоголь өнімдерін сатудан толықтай бас тартты.

Осылайша, облыста ішімдік сатылмайтын ауылдардың саны 26-ға жетті. Бұл шешімді ауыл жастары ұсынып, оны ақсақалдар мен барлық тұрғындар бірауыздан қолдаған.

Полиция департаментінің айтуынша, мұндай ауылдарда құқық бұзушылықтар азайып, әсіресе мас күйінде жасалатын қылмыстар төмендеген. Сонымен қатар, тұрмыстық жанжалдар мен ұсақ бұзақылық деректері де сиреген.

Айта кетейік, қазіргі таңда Бозша ауылында 154 адам тұрады, 60-қа жуық үй бар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button