Басты жаңалықБілімЖаңалықтар
ШҚО білім сапасы жоғары өңірлердің қатарына енді

Шығыс Қазақстан облысы білім сапасы жоғары өңірлердің қатарына енді. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінде айтылды.
Министрлікте өткен жиында үшінші тоқсан қорытындылары қаралып, оқушылардың білім деңгейі мен тәрбие жұмыстары талқыланды. Нәтижесінде білім сапасының өткен жылмен салыстырғанда артқаны анықталған.
Өңірлер арасында Шығыс Қазақстанмен қатар Алматы, Жамбыл, Маңғыстау және Павлодар облыстары да жоғары көрсеткіш көрсеткен.
Сонымен бірге мектептерде «Адал азамат» бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр. Оның аясында түрлі іс-шаралар, зияткерлік ойындар, дебаттар мен байқаулар ұйымдастырылған.
Министрлік мәліметінше, бұл нәтижелер білім саласындағы өзгерістердің оң әсерін көрсетеді.



