Басты жаңалықБілімЖаңалықтар

ШҚО әкімі Мемлекет басшысымен кездесті

Облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесіп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есеп берді.

Аймақ басшысының айтуынша, өткен жылы облыста оң өсім байқалған. Инвестиция, құрылыс, ауыл шаруашылығы және сауда салалары жақсы нәтиже көрсеткен. Мысалы, негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 838 млрд теңгеден асқан. Сонымен қатар 101 инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр.

Құрылыс саласында да өсім бар — жұмыстар көлемі шамамен 460 млрд теңгеге жеткен. Ауыл шаруашылығы өнімі 550 млрд теңгеден, ал сауда айналымы 2,4 трлн теңгеден асқан.

Өңірде 400 мың шаршы метрден астам тұрғын үй салынды. Жұмыссыздық деңгейі 4,6% болып, 29 мың адам жұмысқа орналасқан. Биыл тағы 17 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр.

Әлеуметтік салада да оң өзгерістер бар — атаулы әлеуметтік көмек алатындар саны азайып келеді. Ауылдарды дамыту және халықты қолдау бағдарламалары іске асуда.

Сонымен қатар, облыста инфрақұрылым жақсарып жатыр: өткен жылы 800 шақырымнан астам жол жөнделген.

Кездесу соңында Президент экологияны жақсарту, экономиканы әртараптандыру, инвестиция тарту және туризмді дамыту бойынша нақты тапсырмалар берді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button