ЖаңалықтарҚылмыс
ШҚО-да вейп сатқан ер адамға айыппұл салынды

Шығыс Қазақстан облысында заңсыз темекі өнімдерін сатқан ер адам жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы облыстық Экономикалық тергеу департаменті хабарлады.
Мамандар ірі көлемдегі темекі өнімдерінің заңсыз айналымын анықтап, оның жолын кескен. Аталған әрекеттен түскен табыс 91 миллион теңгеден асқан.
Сот шешімімен заңсыз сауданы ұйымдастырған азаматқа 2500 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Сонымен қатар 17 миллион теңге көлеміндегі қаражат тәркіленді.



