Жаңалықтар
Шығыс Қазақстанда «Мен – кәсіпкермін» байқауы басталды

Мектеп оқушылары мен студенттерге арналған «Мен – кәсіпкермін» байқауы өңірде 9-шы жыл қатарынан өткізіліп келеді. Бұл жоба алғаш рет дәл Шығыс Қазақстанда бастау алған, ал бүгінгі таңда республикалық деңгейде де жүзеге асырылуда.
Бастама Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің қолдауына ие.
ШҚО-дағы ұйымдастырушылар:
— Облыстық білім басқармасы
— «Атамекен» ШҚО Кәсіпкерлер палатасы
— Қазақстан-Америка еркін университеті
— Өскемен экономика және техника колледжі
Финал — 20 сәуір
Формат — бизнес-идеяларды жария түрде қорғау
Жеңімпаздар өңірді республикалық кезеңде таныстырады!
«Мен – кәсіпкермін» — бұл идея, даму және бизнестегі алғашқы қадам



