ЖаңалықтарМәдениет
Өскеменде Пасха мерекесі тойланады

12 сәуірде Өскеменде православие христиандарының басты мерекелерінің бірі – Пасха атап өтіледі. Осыған байланысты қаладағы шіркеулерде арнайы құлшылықтар мен мерекелік шаралар ұйымдастырылады.
Пасхаға дейінгі апта «Қасиетті апта» деп аталады. Бұл күндері шіркеулерде күн сайын діни қызметтер өтеді. Ал 11 сәуірде Пасха тағамдарына бата беру рәсімі жоспарланған.
Негізгі мерекелік іс-шаралар 12 сәуірде Әулие Андрей шіркеуінде өтеді. Сағат 11:00-де мерекелік қызмет басталып, 12:00-де шіркеу ауласында концерт, жәрмеңке және түрлі шаралар ұйымдастырылады.



