Жаңалықтар
ШҚО-да күн суытады

«Қазгидромет» мәліметінше, 9–11 сәуір аралығында облыста ауа райы құбылмалы болады. Алдағы күндері жаңбыр жауып, кей жерлерде найзағай, бұршақ және екпінді жел күтіледі.
Түнгі уақытта жаңбыр аралас қар жаууы мүмкін. 11 сәуірге қараған түні өңірде қар түсіп, жаяу бұрқасын соғып, көктайғақ болады деп болжанып отыр.
Сондай-ақ жел күшейіп, таңертең және түнде тұман түсуі ықтимал.
Ауа температурасы төмендейді:
– түнде +0…+8 градустан 0…–5 градусқа дейін,
– күндіз +10…+23 градустан +7…+15 градусқа дейін.
Тұрғындарға ауа райының өзгеруіне байланысты сақ болу ұсынылады.



