Басты жаңалықДенсаулықЖаңалықтар
16 адамды кене шақты-ШҚО

Өңірде биыл кенелер әдеттегіден ерте белсенді бола бастады. 7 сәуірдегі мәлімет бойынша, өңірде 16 адамды кене шаққан.
Дәрігерлердің айтуынша, зардап шеккендердің барлығы кене энцефалитіне қарсы вакцина алған. Қазіргі таңда ауру белгілері ешқайсысынан анықталмаған.
Мамандардың айтуынша, кене арқылы таралатын инфекциялар көбіне мамыр айында тіркеледі.
Облыста кене энцефалиті жиі кездесетін аумақтар бар. Олар: Глубокое, Катонқарағай, Шемонаиха, Ұлан, Алтай, Самар аудандары және Өскемен мен Риддер қалаларының маңы.
Дәрігерлер тұрғындарға табиғатқа шыққанда сақтық шараларын ұстануды ескертеді.



