Басты жаңалықЖаңалықтар
Өскемен әкімі қоқыс мәселесін шешуді тапсырды

Өскемен қаласының әкімі Алмат Ақышов қоқысты уақытында шығару мәселесіне тағы да назар аударды. Әкімдік жиналысында ол әлеуметтік желіде тараған бейнені мысалға келтіріп, тұрмыстық қалдықтар шығарылғанымен, үлкен қоқыстардың қалып қоятынын айтты.
Қала басшысы бұл мәселені шешу үшін қоқыс жинайтын компаниялармен келісіп, тарифті қайта қарастыру қажет екенін жеткізді. Сондай-ақ үлкен көлемді қалдықтарды жинауды тарифке қосып, арнайы орындар жасау ұсынылды.
Әкімнің айтуынша, тарифтерді көтеруге мораторий 1 сәуірде аяқталған, сондықтан алдағы уақытта бағаны көтеру мәселесі қарастырылуы мүмкін. Сонымен қатар әкімдік қоқыс жинау компанияларына әр үйдегі нақты тұрғын саны туралы мәлімет беруге міндетті болады.



