Жаңалықтар
Өскеменде көктемгі тазалық жұмыстары басталды

Өскеменде қыс мезгілінен кейін көшелерді тазалау жұмыстары жүріп жатыр. Қазір коммуналдық қызметтер жолдарды шаң-тозаң мен қоқыстан тазалауда.
Сонымен қатар жол қоршаулары, жиектер, жол белгілері және түрлі шағын нысандар жуылып, ретке келтіріліп жатыр. Бұл жұмыстар қаланы таза әрі ұқыпты ұстау үшін қолға алынған.



