ДенсаулықЖаңалықтар
Онкология орталығында Ашық есік күні өтеді

25 сәуір күні сағат 09:00-13:00 аралығында облыстық онкология және хирургия орталығында Ашық есік күні ұйымдастырылады.
Бұл күні тұрғындар онколог дәрігерлердің қабылдауына тегін кіре алады. Мамандар жатыр мойны, колоректалды қатерлі ісік және бүйрек аурулары бойынша кеңес береді. Сонымен қатар, онкологиялық аурулардың алдын алу, алғашқы белгілері мен емдеу жолдары туралы ақпарат алуға болады.
Қабылдауға алдын ала жазылу қажет емес. Бару үшін өзіңізбен бірге жеке куәлік пен бұрынғы тексеру нәтижелерін (УДЗ, КТ, МРТ қорытындылары, медициналық анықтамалар) алып келу керек.
Мекенжайы: Потанин көшесі, 6 (1-қабат).
Анықтама үшін: +7 (7232) 20-89-97, +7 771 944 48 08.



