Жаңалықтар

Мамырда ауа райы қандай болады?—ШҚО

Облыста мамыр айында күн жалпы жылы болады. Синоптиктердің айтуынша, орташа температура әдеттегіден 1–2 градусқа жоғары.

Айдың басында түнде 0…+5 градус шамасында болады, кей жерлерде үсік жүруі мүмкін. Күндіз ауа +14…+19 градустан бастап, +26…+31 градусқа дейін ысиды.

Айдың ортасында ауа райы тұрақсыз болады: бірде салқындап, бірде қайтадан +30…+35 градусқа дейін қатты ыстық түсуі мүмкін.

Айдың соңында да алдымен ыстық болып, кейін күрт салқындауы ықтимал. Түнде кей жерлерде ауа температурасы 0 градусқа дейін төмендеп, таулы аймақтарда үсік болуы мүмкін.

Басқа жаңалықтар

Back to top button