ДенсаулықЖаңалықтар

ШҚО-да 90 адамды кене шақты

Өңірде күннің жылынуына байланысты кене көбейіп, тұрғындарға қауіп төндіріп жатыр. Соңғы мәлімет бойынша, 8 сәуірге дейін 90 адамды кене шаққан. Оның 8-і – балалар.

Мамандардың айтуынша, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда жоғары.Абырой болғанда, зардап шеккендердің басым бөлігі уақытында дәрігерге қаралып, қажетті ем алған.

Қазір облыста кене арқылы жұғатын қауіпті аурулар тіркелмеген. Дегенмен, мамандар негізгі қауіп мамыр айында басталатынын ескертеді.

Кене көп кездесетін аймақтар қатарында Глубокое, Зайсан, Алтай, Катонқарағай, Ұлан аудандары мен Өскемен, Риддер қалаларының маңы бар.

Қазір өңірде кенеге қарсы арнайы өңдеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Кей аумақтарда ескерту белгілері қойылған.

Дәрігерлер кене шаққан жағдайда өз бетімен жұлып алмай, міндетті түрде медициналық көмекке жүгінуге кеңес береді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button