Басты жаңалықЖаңалықтар
ШҚО-да үш жаңа экосаябақ салынады

Өңірде жақын арада үш экосаябақ салу жоспарланып отыр. Бұл туралы облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов мәлімдеді.
Жаңа демалыс орындары Өскеменде, сондай-ақ Ұлан және Глубокое аудандарында пайда болады.Саябақтарда серуендеуге арналған арнайы жолдар салынып, адамдарға қолайлы жағдай жасалады.
Экосаябақтар тұрғындардың таза ауада демалып, табиғатпен жақынырақ болуына мүмкіндік береді.



