Жаңалықтар
ШҚО-да Лайма ауруын тарататын кене анықталды

Өңірде қауіпті инфекция тасымалдаушы кене табылды. Мамандардың айтуынша, зертханаға жеткізілген кене тексеру нәтижесінде Лайма ауруының қоздырғышын жұқтырғаны анықталған.
Кенені тапқан әйел оны арнайы тексеруге апарған. Қазір ол дәрігерлердің бақылауында. Мамандар мұндай жағдайда адам міндетті түрде медициналық тексерістен өтуі керегін ескертеді. Егер ауру белгілері пайда болса, тиісті ем тағайындалады.
Сарапшылардың мәліметінше, биыл зерттелген кенелер арасында кене энцефалиті тіркелмеген. Бұл – маусым басы үшін қалыпты жағдай.
Дәрігерлер табиғатта серуендеу кезінде сақ болып, кенеден қорғану шараларын ұмытпауға кеңес береді.



