ЖаңалықтарҚылмыс
ШҚО-да заңсыз қаруды тапсыру акциясы басталды

20 сәуірден бастап заңсыз сақталған қару-жарақты ерікті түрде тапсыру акциясы басталды. Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады.
Акция аясында тұрғындар тіркелмеген атыс қаруын, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды полицияға өткізе алады. Оларды өз еркімен тапсырған азаматтарға ақшалай сыйақы беріледі.
Сондай-ақ заң бойынша мұндай қаруды өз еркімен тапсырғандар әкімшілік және қылмыстық жауапкершіліктен босатылады.
Полиция қызметкерлері тұрғындарға қауіпсіздік шараларын сақтауды ескертеді. Егер жарылғыш зат немесе оқ-дәрі табылған жағдайда, оған тиіспей, бірден 102 немесе 112 нөміріне хабарлау қажет.



