ДенсаулықЖаңалықтарСпорт

Өскеменде «EAST CUP 3×3» хоккей турнирі аяқталды

«EAST CUP 3×3» әуесқой хоккей турнирінің екінші маусымы мәресіне жетті. Жарыстың жабылу салтанаты Б. Александров атындағы спорт сарайының кіші аренасында өтті.

Турнир өңірде әуесқой хоккейдің дамуына серпін беріп, «3х3» форматындағы ойынның кеңінен таралып келе жатқанын көрсетті. Айта кетейік, елімізде бұл форматтағы алғашқы ресми турнир дәл Өскеменде бастау алған.

Биылғы маусым белгілі бапкер Юрий Тарховтың құрметіне арналды. Жарысқа 30 жастан асқан ойыншылармен қатар, 50 жастан асқан тәжірибелі спортшылар да қатысты.

Турнирде жеті команда бақ сынады. Нәтижесінде:

* 1-орын — «Глубокое-Ертіс»
* 2-орын — «Вираж»
* 3-орын — «BERKUT»

Жеңімпаздар кубоктармен, дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button