Жаңалықтар
Самарда қоқыс шығармаған 80 адамға айыппұл салынды

Самар ауданында тазалық талаптарын сақтамаған 80-ге жуық адамға айыппұл салынды. Бұл шара «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында жүргізілді.
Аудан әкімдігі мен полиция қызметкерлері бірлесіп, көшелер мен қоғамдық орындарда тексеру жұмыстарын күшейткен. Нәтижесінде 3 заңсыз қоқыс орны анықталып, тиісті органдарға жіберілді.
Сонымен қатар, 30-ға жуық құқық бұзушылық тіркеліп, оның 13-і қоғамдық жұмысқа тартылды. Тазалық сақтамаған тұрғындарға ескерту жасалып, кейбіріне айыппұл салынды.
Қазіргі таңда аудан аумағын тазарту жұмыстары жалғасуда. Оған жергілікті мекемелер, жастар және тұрғындар белсенді қатысып жатыр.



