Жаңалықтар
Шемонаихадағы өрт: Зардап шеккендер бар ма?

Шемонаиха қаласында көпқабатты үйден өрт шығып, 10 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды Shygyslife.kz тілшісі.
Оқыс оқиға 3-ші шағын аудандағы 5 қабатты тұрғын үйлердің бірінде болған.
Құтқарушылар жеткенше 3-ші қабаттан шыққан өрт 6 шаршы метр аумақты шарпып үлгерген. ТЖД қызметкерлері 10 адамды, оның ішінде 3 баланы эвакуациялады. Өрттің шығу себебі анықталуда. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ.



