Басты жаңалықБілімЖаңалықтар
ШҚО мектептерінде қауіпсіздік күшейтілді

Облыста мектептер мен оқу орындарының қауіпсіздігі тексеріліп жатыр.Шараның басты мақсаты – оқушыларға қауіпсіз орта жасау және құқық бұзушылықтың алдын алу.
Өңірде адамдар көп жиналатын 675 нысан анықталған. Оның ішінде 240-ы – білім беру мекемелері. Қазір мектептер, медициналық колледждер және басқа да оқу орындары арнайы тексеруден өтуде.
Тексеру кезінде бейнебақылау камераларының жұмысы, дабыл түймелерінің болуы, күзет қызметінің сапасы және қызметкерлердің төтенше жағдайларға дайындығы қаралып жатыр. Сонымен қатар оқу орындары қызметкерлеріне түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.



