Жаңалықтар
Үлкен Нарында жоғалған қария табылды

Кіші Нарын ауылында 1941 жылы туған 85 жастағы қария жоғалып кеткен. Ол үйінен белгісіз бағытта шығып, қайта оралмаған.
Қарияны іздеуге құтқарушылар, полиция қызметкерлері және туыстары жұмылдырылды. Іздеу жұмыстары бірнеше топқа бөлініп, ауыл іші мен маңына жүргізілді. Сондай-ақ, жақын маңдағы су айдындары да тексерілді.
Нәтижесінде қария ауыл шетінен табылды.



