Жаңалықтар

Өскеменде жарылыс жұмыстары өтеді

Ертең сағат 14:00-де 19-шы тұрғын ауданында жарылыс жұмыстары жүргізіледі. Бұл — көпсалалы аурухана құрылысы аясындағы жоспарлы жұмыс.

Жарылыс шамамен 1 сағатқа созылады. Ол Қан орталығы мен Гематология орталығы маңында, Көкжал Барақ және Увалиев көшелерінің арасында өтеді.

Осы уақыт аралығында аталған аумаққа бармау сұралады. Тұрғындардан қауіпсіздік шараларын сақтап, сақ болу талап етіледі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button