Жаңалықтар

Зайсанда анонимді QR-көмек пайда болды

Зайсан ауданында тұрғындарға арналған жаңа көмек жүйесі іске қосылды. Енді кез келген адам QR-кодты сканерлеп, өз аты-жөнін айтпай-ақ кеңес ала алады.

Бұл жоба тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу үшін жасалған. Көп адам ұялып немесе қорқып, көмек сұрай алмайды. Ал бұл жүйе сол кедергіні азайтуға көмектеседі.

QR-кодтар автобустарда, дәріханаларда, дүкендерде және басқа да қоғамдық орындарда орналастырылған. Телефонмен сканерлеп, мамандарға хабарласып, кеңес немесе көмек сұрауға болады.

Бұл бастама адамдарға қауіпсіз әрі құпия түрде қолдау алуға мүмкіндік береді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button