Жаңалықтар

Ахмерде 6 көшеге асфальт төселеді

Ахмер кентінде биыл 6 көшеге асфальт төсеу жоспарланып отыр. Бұл туралы өңір басшысы Нұрымбет Сақтағанов тұрғындармен кездесу барысында айтты.

Жоспар бойынша, қалған көшелер алдағы жылдары кезең-кезеңімен жөнделеді. Әкімдікке барлық қажетті құжаттарды алдын ала дайындап, жол жұмыстарын 2026–2028 жылдары толық аяқтау тапсырылды.

Кездесуде тек жол мәселесі емес, жаңа үйлерді су және жарықпен қамтамасыз ету де сөз болды. Тұрғындар ойын алаңдарын салу, көше жарығын орнату және жол қауіпсіздігін күшейту мәселелерін көтерді.

Аймақ басшысы көше жарығы жақын уақытта толық реттелетінін атап өтті. Оның айтуынша, бұрын жіберілген қателіктер бар, бірақ оларды түзетуге болады. Осы және келесі жылы жарық мәселесі шешіліп, ал үш жыл ішінде көшелер толық асфальтталады.

Сондай-ақ әкім “Заря” саяжайына барып, ондағы тұрғындармен де кездесіп, көше жарығы мен жаяу жүргіншілер жолы туралы мәселелерді талқылады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button