Жаңалықтар
Өскеменде өрт шықты

Өскеменде Целинная көшесінде өрт болды. Контейнер, қоқыс және пайдаланылған май жанып кеткен.
Оқиға орнына өрт сөндірушілер тез жетіп, жалынды сөндіруге кірісті. Өрт 102 шаршы метр аумақта тоқтатылды.
Қауіпті жерден 4 оттегі баллоны мен 2 газ баллоны қауіпсіз жерге шығарылды.
Абырой болғанда, өрт дер кезінде сөндіріліп, жағдай бақылауға алынды.



