Басты жаңалықЖаңалықтар
Тірі тарих: Қазақстанда қанша ардагер қалды?

Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің саны жылдан жылға азайып келеді. Бүгінде арнайы мемлекеттік жәрдемақы алатындар саны – бар болғаны 83 адам.
Азаматтарға арналған үкімет мәліметінше, олардың 69-ы – соғысқа тікелей қатысқан ардагерлер, ал 14-і – соғыс мүгедектері.
Айта кетейік, кезінде майданға Қазақстаннан шамамен 1,2 миллион адам аттанған. Ал бүгін сол батыр буыннан санаулы ғана қария қалды.
Қазір ардагерлер ең көп шоғырланған өңір – Алматы қаласы (26 адам). Одан кейін Алматы облысы (8), Қостанай облысы (6), ал Шығыс Қазақстан мен Қарағанды облыстарында 4 адамнан тұрады.



