Жаңалықтар
Жел күшейіп, түнде үсік жүреді

Ертең өңірде дауылды ескерту жарияланды. Синоптиктердің мәліметінше, желдің жылдамдығы секундына 15–20 метрге дейін күшеюі мүмкін.
Түнгі уақытта облыстың шығыс бөлігінде ауа температурасы -2 градусқа дейін төмендеп, үсік жүру ықтимал.
Сонымен қатар, өңірдің батысы мен солтүстік-батысында өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады. Мамандар тұрғындарды сақтық шараларын сақтауға, от жақпауға және ауа райының өзгерісіне дайын болуға шақырады.



