Жаңалықтар
Жеңіс күні: Өскеменде батырлар рухына тағзым етілді

Бүгін Даңқ мемориалында Жеңіс күніне арналған гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Шараға облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов қатысып, соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне құрмет көрсетті.
Аймақ басшысы майданда ерлік көрсеткен батырлардың есімі ешқашан ұмытылмайтынын айтып, жастарды елін сүюге және бейбіт өмірдің қадірін білуге шақырды.
Айта кетейік, қазір өңірде Ұлы Отан соғысының 6 ардагері мен 3 мыңнан астам тыл еңбеккері тұрады.
Рәсім барысында қаза тапқан жауынгерлер еске алынып, ескерткішке гүл шоқтары қойылды. Шара мерекелік концертпен жалғасты.



