Басты жаңалықЖаңалықтарСпорт

«Алтай» мен «Ордабасы» тең тарқасты

Бүгін Өскеменде футболдан Қазақстан Премьер-лигасы өтті. «Алтай» мен «Ордабасы» ойыншылары жаңартылған «Восток» стадионында кездесті. Жаңа маусымдағы алғашқы ойынды тамашалауға келген жұрттың қарасы қалың.

Олардың ішінде аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағанов та бар.

Алғашқы минуттарда алаң иелерінің есепті ашар бірнеше мүмкіндігі болды.
Қарсыластар да бірнеше қауіпті шабуыл жасағанымен гол соға алмады.

Бірінші таймнан соң әнші TURAR өнер көрсетіп, жиналғандардың құлақ құрышын қандырды. Сол сәтте облыс әкімі де алаңға шығып, жанкүйерлерге алғысын білдіріп, ойыншыларға сәттілік тіледі.

Екінші таймда төреші «Алтай» қақпасына екі мәрте пенальти белгілеп, бірақ бейнеқайталауды көрген соң шешімін өзгертті. Қорытынды есеп 0:0.

Ойын аяқталған соң ұтыс ойындары өткізіліп, жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар берілді.

Айта кетейік, бұл «Алтай» футбол клубының 13 жылдық үзілістен кейінгі Қазақстан Премьер-лигасында өз алаңындағы алғашқы ойыны.

Үлкен футболға сусап қалған жанкүйерлердің қолдауы ерекше болды. «Ордабасы» командасы турнир кестесінде «Қайрат»-тан кейін екінші орында тұр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button